Отбасын қолдаудағы әлеуметтік қызметтерді дамыту үшін заңнамалық реформалар қажет
«Біздің идеямыздағы басты мақсат - ата-анасының қарауынсыз қалған балаларды басқа отбасылардың тәрбиелік қамқорлығына орналастыру. Яғни, интернаттық мекемелерді айналып өтіп, отбасыдан отбасыға өткізу. Сосын мұндай патронаттық отбасыларға білікті көмектерімізді аямауымыз керек. Бұл маңызды, өйткені, интернаттық мекемелердегі бала тәрбиесі оның даму аясына кері әсерін тигізетін фактілер де кездесіп жатыр. Ал тағдырығы қиын балалар жайлы отбасылардың ортасына, ондай балалардың тәрбиесіне машықтанған әрі жұмыс істей алатын отбасылық ортаға түссе, онда әлгі балалардың бейімделу кезеңі де барынша жақсы жүреді», - дейді Ш.Байболова.
Осыған орай, қор басшысы бала құқығын қорғау жөніндегі органдармен бірлесе және үкіметтік емес ұйымдарды қатыстыра отырып арнайы сараптамалық жұмыс тобын құруды ұсынады. «Бұл сараптамалық топ отбасын қолдау және отбасы құндылықтарын қорғау бойынша әлеуметтік қызметтерді дамытуға бағытталған ұсынымдар әзірлеумен айналысса. Кейіннен осы ұсыныстар негізінде қолданыстағы заңнамаларға өзгерістер енгізуге де болатын еді», - дейді Ш. Байболова.