Жыл басынан бері өңірде отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында құқық бұзушылық жасаған 2 411 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
Полиция қызметкерлері 5 мыңнан астам қорғау нұсқамасын шығарды. Оларды бұзғаны үшін 753 адам жазаға тартылды.
«Тәртіп сақшыларының өтініші бойынша 882 құқық бұзушының мінез-құлқына ерекше талап белгіленген. Оның ішінде 825 адамға алкогольді ішімдік ішуге тыйым салынды. Осы бағыттағы жұмыс алдағы уақытта да жалғасын табады», - деді ШҚО ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Талғат Нұриев.
Осы ретте Шығыс Қазақстан облыстық полиция департаменті азаматтарды тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілері болған жағдайда дереу «102» арнасына қоңырау шалуға шақырады.