Флорида университетінің зерттеушілері 8-12 жас аралығындағы 52 ұл баланың қатыстырып, арнайы ғылыми сынақ өткізеді. Соның ішінде, 29 бала мектепте тынымсыздығымен аты шығып үлгерген. Ғалымдар ол балаларға дене қимылына қатысты көп тапсырма беріп, оқу бағдарламасы бойынша сабақтарды дайындауға міндеттейді. Ғалымдар балаларды бақылап, тәжірибені бейнетаспаға жазып алған. Тапсырмаларды орындау кезінде көп қимылдаған тынымсыз балалар тыныш отырған балалардан гөрі сабақты жақсы орындаған. Ғалымдар ондай балалардың білім алуы үшін қозғалыс қажет, тымсыздығы үшін бетінен қақпау қажет, деген қорытынды шығарды. Дене қозғалысы осындай балаларға ақпаратты қабылдап, білім алуына ықпал етеді екен.
09:17, 22 Сәуір 2015
Өте тынымсыз баланың жақсы оқуы үшін оның бетінен қақпау керек - ғылыми дәлел
АСТАНА. ҚазАқпарат - Тынымсыз балаларға жылы қабақ танытып, көп көңіл бөлу қажет. Ондай балалар әдетте алаңғасар, ерке болып, басқаралармен араласа алмай, жиі шеттету көреді.. Оған қыздарға қарағанда ұл балалар көп шалдығады, деп жазады meddaily.ru.