Ол жартылай финалда жапондық Тонаки Фунадан ұтылып қалды. Енді отандасымыз қола медаль үшін таласады.
Айта кетейік, 48 келі салмақта сынға түсетін отандасымыз Галбадрах жарысқа екінші айналымнан қосылды. Әлем чемпионатындағы алғашқы қарсыласы француз Франчиска Миланиден голден скорде басым түссе, екінші белдесуінде украиналық Дария Билодидті уақытынан бұрын таза жеңіп, ширек финалда Израиль спортшысы Ноа Минцерден басым түсіп, жартылай финалға жолдама алған еді. Өкінішке қарай жартылай финалда қарсыласынан ұтылып қалды.
Естеріңізге сала кетейік, Галбадрах Отгонцэцэг жақында Қытайдың Тайбэйінде өтіп жатқан жазғы 2017 жылғы универсиада ойындарында Қазақстан қоржынына қола медаль сыйлаған болатын.