Іс-шараға жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, мәдениет мекемелерінің басшылары, өңірлерден және шет мемлекеттерден келген қыш шеберлері қатысты.
Бағдарлама аясында қыш бұйымдарын дайындаудың дәстүрлі технологиялары бойынша шеберлік сабақтары өтті.
Қатысушылар кәсіби тәжірибе алмасып, өз жұмыстарында қолданатын әдіс-тәсілдерді көрсетті. Бұдан бөлек, олар өз қолдарынан шыққан бұйымдарды «Отырар» мемлекеттік археологиялық музей-қорығының қорына табыстады.
Мәдениет және ақпарат министрлігі мәліметінше, жәрмеңке қыш өнерінің дәстүрін сақтауға, шеберлердің кәсіби білігін жетілдіруге және халықаралық мәдени байланысты нығайтуға бағытталды.
Айта кетейік, Қазақстанның археологиялық жәдігерлері Париждегі көрмеге қойылады.