Бұл былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда 100,6 пайызды құрайды.
«Мұнай және газ ақпараттық талдау орталығы» АҚ деректеріне сүйенсек, мұнай мен газ конденсатының экспорты Атырау - Самара бағыты бойынша 14125,7 мың тоннаны құраған, бұл 92,3 пайызға тең. Ал Орынбор ГӨЗ-і (конденсат) - 1113,5 мың тонна (55,8 пайыз), КҚК бағытында - 25904,3 мың тонна (91,1 пайыз), Атасу - Алашанькоу - 10090,7 мың тонна (99,9 пайыз) деңгейінде экспорттау жүзеге асқан.
Бұдан бөлек, өнім экспорты Ақтау теңіз порты арқылы - 7384,3 мың тонна (77,9 пайыз) құраса, теміржол арқылы 6782,2 мың тонна (124,4 пайыз) тасымалданған.