2012 жылдың 6 айында - 1 млн. 302 мың құқық бұзушылық тіркелген болса, аталмыш көрсеткіш 2,7 пайыз өсіп отыр. Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметінен хабарланды.
Құқық бұзушылықты ең көп тіркеген ішкі істер органдары болып отыр. Атап айтқанда, құқық бұзушылықтардың 1 091 457-ін немесе 81,6 пайызын осы орган тіркеген. Бұл былтырғы жылғы осындай кезеңмен салыстырғанда 0,6 пайызға артық. Еліміздің соттары 67 мың адамды әкімшілік қамауға алу жазасына кесіп, 30 мыңнан астам құқық бұзушыларды арнайы куәлігінен айырған, ал ел шегінен аластатылғандар саны екі есеге кеміп, 1800 адамды құраған.
Осы уақыт ішінде уәкілетті органдар 39 млрд. 862 млн. теңге сомасына 1 035 835 әкімшілік айыппұл салған (2012 жылдың 6 айында - 1 077 811), оның 16 млрд. 190 млн. (14 млрд. 236 млн.) теңгесі, яғни, 40,6 пайызы (44,8 пайыз) өндірілген.
Мемлекеттік органдар арасындағы әкімшілік айыппұлдарды өндірудің неғұрлым жоғарғы көрсеткіші ішкі істер органдарында болып отыр, олар 6 млрд. 46 млн. 207 мың теңгенің айыппұлын салған және соның 3 млрд. 680 млн. 946 мың теңгесі, яғни, 70 пайызы өндірілген.
Өндірудің төменгі көрсеткіші салық органдарында байқалады. Олар салған 3 млрд. 25 млн. 695 мың теңге айыппұлдың 521 млн. 54 мың теңгесі, яғни, 17,2 пайызы өндірілген.