Бұл өткен жылмен салыстырғанда 2,1 пайызға артық. Сонымен бірге, электр қуатын тұтыну 45,1 млрд. кВт/сағат болды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 2 пайызға төмен көрсеткіш. Бүгін Үкімет отырысында Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Бақытжан Жақсалиев осылай мәлім етті.
Сөз арасында вице-министр алдағы жылыту маусымына дайындық бойынша мониторинг жүзеге асып жатқанын айтып, жергілікті әкімдіктердің назарын «дәл қазіргі уақытта жылыту маусымында пайдаланылатын отын қорын құруға кірісу керектігіне» аударды.
«Алдағы күзгі-қысқы жылыту маусымына дайындық үшін электр стансаларының негізгі қондырғыларын жөндеу жұмыстарының кестесі бекітілді. Соған сәйкес, 9 энергоблоктың, 57 жылу қазандықтары мен 48 турбиналарды күрделі жөндеу жұмыстары қарастырылған», - деді Б. Жақсалиев.