Өткен 9 айда Қазақстанның ЕАЭО елдерімен өзара пайдасы 13 млрд 445,5 млн. долларды құрады

АСТАНА. ҚазАқпарат 2015 жылғы қаңтар-қазандағы Қазақстан Республикасының Еуразиялық экономикалық одақ елдерімен өзара саудасы 13 млрд 445,5 млн. долларды құрады. Бұл 2014 жылғы қаңтар-қазанмен салыстырғанда 26,6 пайызға аз. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің баспасөз қызметінен хабарланды.

Есепті кезеңде Қазақстанның ЕАЭО елдерімен өзара саудасындағы экспорт 4 млрд 195,1 млн. долларын (30,1 пайызға аз), импорты 9 млрд 250,4 млн. долларын (24,9 пайызға аз) құраған. Бұл ретте Қазақстанның экспорты құрылымында көпшілігін минералды өнімдер (45,8 пайыз ЕАЭО елдерінің барлық экспортының көлеміне), химиялық өнеркәсіп өнімдері (18,5 пайыз), металдар және олардан жасалған бұйымдар (17,1 пайыз), мал және өсімдіктер өнімдері, дайын азық-түлік тауарлары (8,1 пайыз) құрады. «Ал ЕАЭО елдерінен үлкен дәрежеде машиналар және жабдықтар (ЕАЭО елдерінің импорты жалпы көлеміне 29,8 пайыз), минералды өнімдері (14,7 пайыз), металдар және олардан жасалған бұйымдар (14,3 пайыз), химиялық өнеркәсіп өнімдері (14,2 пайыз), мал және өсімдіктер өнімдері, дайын азық-түлік тауарлары (13,0 пайыз) әкелінген», делінген баспасөз баянында.