Өткен ақпан айында Қазақстанда 41 450 жеңіл автокөлік тіркеуден өтті

АСТАНА. 13 сәуір. ҚазАқпарат - 2012 жылғы ақпанда Қазақстанда 41 450 жеңіл автокөлік тіркеуден өтті.

Бұл өз кезегінде өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 76 пайызға артық. Бұл туралы бүгін ҚР Статистика агентігінде мәлім болды.

Биылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша, республикада жеңіл автокөліктердің саны 3 млн. 503,2 дананы құрады. Айта кетейік, ақпанда Ақмола облысында 1535 автокөлік, Алматы облысында 5517 автокөлік, Оңтүстік Қазақстан облысында 6743 автокөлік, Астанада 3380, сондай-ақ Алматыда 5810 автокөлік тіркеуден өтті.