ҚР Статистика агенттігінің мәліметтеріне сүйенсек, негізгі тамақ өнімдерін тұтынудың ең төменгі нормаларынан есептелген орта есеппен халықтың жан басына шаққандағы күнкөрістің ең төменгі деңгейі 2011 жылғы ақпанда оның алдыңғы аймен салыстырғанда 4,7 пайызға, 2010 жылдың ақпанына қарағанда 23,3 пайызға өсті.
Оның құрылымында ет пен балықты сатып алуға жұмсалған шығыстардың үлесі 19,3 пайызды, сүт, тоң май өнімдері мен жұмыртқа - 16,1 пайызды, жемістер мен көкөністер - 13,7 пайызды, нан және жарма өнімдері - 8,1, қант, шай мен дәмдеуіштер - 2,8 пайызды құрады.
Күнкөрістің ең төменгі деңгейінің (15 338 теңге) құрамындағы азық-түлік тауарлардың үлесі - 9203 теңгені, азық-түлік емес тауарлар мен ақылы қызметтер - 6135 теңгені құрады.
Статистикалық мәліметтерге сәйкес, ақпанда күнкөрістің ең төменгі деңгейі 13 жасқа дейінгі балаларға 12 155 теңгені, 14-17 жас аралығындағы қыздар мен жігіттерге - сәйкесінше 14 808 және 19 327 теңгені, 18 жастан жоғары еңбекке қабілетті халық үшін, соның ішінде ерлерге - 18 307 теңгені, әйелдерге - 14 535 теңгені, зейнеткерлер мен қарт адамдарға - 14 342 теңгені құрады.