Статистикалық мәліметтерге қарағанда, 2015 жылғы қаңтар-маусымда өнеркәсіп өндірісінің көлемі қолданыстағы бағаларда 6816,5 млрд. теңгені құрады. Ал кен өндіру өнеркәсібінде және каръерлерді қазуда өндіріс көлемі 1,1 пайызға, өңдеу өнеркәсібінде 0,3 па йызға артты. Электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптауда 1,4 пайыз, сумен жабдықтауда, кәріз жүйесі, қалдықтарды жинау және бөлуді бақылауда 9,8 пайызға төмендеген.
Сонымен қатар, 2015 жылғы қаңтар-маусымда ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 611,7 млрд. теңгені құраған, бұл 2014 жылғы қаңтар-маусымға қарағанда 3 пайызға жоғары. Сонымен бірге, есепті кезеңде «көлік» саласы бойынша нақты көлем индексі 106,7%-ды құраса, жүк айналымының көлемі 238,4 млрд. тонна/шақырымды құрап, 2014 жылғы қаңтар-маусыммен салыстырғанда 5,6 пайызға кеміген. Ал жолаушылар айналымының көлемі 121,7 млрд. жол/шақырым құрап, 3,2% артқан.
Бұдан бөлек, есепті кезеңде «сауда» саласы бойынша нақты көлем индексі 102,1 пайызды құрады. Бұл ретте бөлшек сауда көлемі 2790,5 млрд. теңгені құрап, былтырғы жылмен салыстырғанда 2,9 пайызға өсті. Ал көтерме сауда көлемі 7120,8 млрд. теңгені құрап, 2014 жылғы қаңтар-маусыммен салыстырғанда 1,5% артты.
«2015 жылғы қаңтар-мамырда сыртқы сауда айналымы 32 млрд. 592,7 млн. АҚШ долларын құрап, 2014 жылғы каңтар-мамырмен салыстырғанда 36,2% төмендеді, оның ішінде экспорт - 19 млрд. 786,1 млн. долларын (44,4% аз), импорт - 12 млрд. 806,6 млн. АҚШ долларын құрады (17,1% аз) құраған», - делінген баспасөз баянында.