Өткен алты айда өнеркәсіптік өнімнің нақты көлем индексі 99,7% құрады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Өткен алты айда өнеркәсіптік өнімнің нақты көлем индексі 99,7% құрады.

ҚР Статистика агенттігінің мәліметтеріне қарағанда, 2014 жылғы қаңтар-шілдеде 2013 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда мұнай, көмір мен темір кендері өндірісі төмендеді. Атап айтқанда, 2014 жылғы қаңтар-шілдесінде мұнай мен газ конденсатының өндірілген көлемі 46,7 млн. тонаны құрап, былтырмен салыстырғанда 98,4 пайызды құраған. Ал осы кезеңде елімізде өндірілген бензин 1,7 млн. тоннаны құрап, өткен жылға қарағанда 116,1 пайызға жетті. Бұдан бөлек, темекі өнімдерінің, химиялық өнеркәсіп өнімдерінің өндірісі қысқарды. Жалпы, төмендеу Ақтөбе, Атырау, Қызылорда, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында және Астана мен Алматы қалаларында тіркелді. Сонымен бірге, табиғи газ, түсті металдар кендерінің өндірісі өсті. Сусындардың, тамақ, мұнай өңдеу өнімдерінің және портландцементтің өндірісі жоғарылады. Өнеркәсіптік өнімдердің өндіріс көлемдерінің өсуі республиканың 9 өңірінде байқалды.