Өткен аптада 5518 қылмыс тіркелді - ІІМ

АСТАНА. 15 тамыз. ҚазАқпарат - Өткен апта барысында еліміз бойынша 5518 қылмыс тіркелді. Бұл туралы бүгін Ішкі істер министрлігінде өткен брифинг барысында ведомствоның баспасөз хатшысы Нұрділдә Ораз мәлім етті.

Оның айтуныша, өткен аптада 5518 қылмыс тіркелсе, соның 2646-сы «ізі суымай» ашылған. Бұдан бөлек, бұдан бұрын жасалған 727 қылмыс, оның ішінде былтырлары орын алған 81 қылмыстың беті ашылған. 99 қылмыскер іздестіріліп, 4 атыс қару бірлігі тәркіленген.

«Есірткі қылмысының 27 фактісі анықталды, оның 12-сі заңсыз есірткі сатумен байланысты болып отыр. Сондай-ақ, 95,5 келіден астам есірткі заттары тәркіленді», - дейді Н. Ораз.