Өткен аптада 61 адамның ажалы судан келді

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Өткен апта ішінде ел аумағында 61 адам суға батып кеткен. Оның 22-сі бала, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы ҚРІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы Владимир Беккер арнайыбрифингте айтты.

Тексенбі-жексенбі күндері ғана Қазақстан бойынша 22 адам суға кеткен. Оның жетеуібала.

«Бір аптада61 адам көз жұмды. Оның 22-сі бала. Комитеттің қауіпсіздік ережелерін түсіндіру бойыншажүргізген жұмысы нәтиже бермей жатыр. Тұрғындар қауіпсіздік шараларына селқосқарайды. Қайғылы оқиғалардың басты себебі осы. Жабдықталмаған орында шомылу, баланы қараусыз қалдыру, өз күшін дұрысбағаламай. Ақмола облысында 11 адам қаза тапқан. Оның үшеуі бала. Алматы, Атырау,Павлодар облысында 3 баладан. Павлодарда бір үйдің екі баласы бір уақытта мертболған», - деді ВладимирБеккер.

Брифингбарысында комитет басшысы БАҚ арқылы үндеу жолдағысы келетінін жеткізді.

«Мамандардыңайтуынша, шілденің соңына дейін ыстық сақталады. Яғни,жағажайларда адам қарасы әлі де азая қоймайды. Сондықтан азаматтардан шомылу кезінде қауіпсіздіктіңқарапайым ережелерін сақтауды сұраймын. Ал ересектерден балаларды қараусызқалдырмауды өтінгім келеді», - деді Владимир Беккер.

Соңғы жаңалықтар