Рейд барысында тағы да заңсыз жұмыс істеп тұрған алты дүңгіршек анықталды: 4-еуі - Алмалы ауданында, 2-еуі - Түрксіб ауданында. Қазіргі уақытта әлі де ұсақ-бөлшек желісіндегі 54 нысан жұмыс істеуде.
Өткен аптада жедел топтың күшімен 61 заңсыз сауда орындары жойылды.
Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет сонымен қатар, қаланың 7 базарына рейд жүргізді. Оның нәтижесінде «Болашақ», «Құлагер», «Жұлдыз», «Тастақ», «Кәрім», «Ботагөз» базарлары айналасындағы 25 жабайы сауда орындары жойылды.