Бұл туралы бүгін апталық брифингте ҚР ІІМ ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлім етті.
«Апта ішінде 3968 қылмыс тіркеліп, оның 2378-і ізі суымай ашылды. Сонымен қатар бұрын жасалған - 580, оның ішінде өткен жылдар санатындағы 20 қылмыстың мән-жайы анықталды. Іздеу жарияланған 115 қылмыскер ұсталып, заңсыз айналымнан 144 қару алынды». - деді ол.
Ресми өкілдің айтуынша, бұған қоса есірткінің заңсыз айналымына қатысты 55 қылмыс әшкереленген, оның 21і - есірткі сату фактісі. 8,5 келіден аса есірткі заты тәркіленген.