Өткен аптада елорда автожолдарында сегіз жол-көлік оқиғасы орын алды, оларда екі адам қазаға ұшырады

АСТАНА. Желтоқсанның 7-сі. ҚазАқпарат - Өткен аптада елорданың автожолдарында 8 жол-көлік оқиғасы орын алды, соның салдарынан екі адам қазаға ұшырады,

деп хабарлайды Астана қаласы Ішкі істер департаментінің Жол полициясы басқармасының баспасөз қызметі.

«БМВ» автомашинасының жүргізушісі рульді басқара алмай қалып, «ТО-40» маркалы жүк тиейтін тракторға соқтығысты. Соның салдарынан иномарканың екі жолаушысы алған жарақаттарынан көз жұмды, «БМВ» жүргізушісі мен тағы бір жолаушысы дене жарақатын алды. Ал «Мицубиси» және «Хюндай» автомобильдерінің осқтығысуынан «Хюндай» автомашинасының екі жолаушысы зардап шекті.

Демалыс күндері, желтоқсанның 5-6-сында жол қозғалысы ережелерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуде елордалық Жол полициясының қызметкерлері жол қозғалысы ережелерін бұзудың 469 дерегін тіркеді, олардың ішінде ішкілік ішіп рульге отырған 28 жүргізуші, қауіпсіздік белгісін тақпаған 60 машина, телефонмен қозғалыс үстінде сөйлескен 48 жүргізуші, жылдамдықты белгіленген режімнен асырған 62 жүргізуші бар.