ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының хабарлауынша, 23-29 мамыр аралығында АҚШ пен Шығыс Жерорта теңізінен (бұл жерлерде ауру 9%-ға өсті) басқа барлық аймақтарда коронавирустың тарауы бәсеңсіген.
Аурудың тарау көрсеткіші ең аз аймақтар Африка (36%-ға) және Еуропа (30%-ға) болып отыр. Бір апта ішінде бүкіл әлемде 3,3 миллионнан астам COVID-19 жұқтыру жағдайы анықталды.