Сондай-ақ 836 рет ұрлық жасалған. Бұл туралы бүгін дәстүрлі апталық брифингте Ішкі істер министрлігінің Тіл саясаты және ақпарат департаментінің бастығы Қуанышбек Жұманов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оның сөзіне қарағанда, осы мерзімде 1 мың 448 қылмыстың беті ашылған. Олардың 27-сі кісі өлтіру әрекетіне байланысты болып отыр. Сондай-ақ қылмысқа қатысы бар 123 күдікті құрықталып, 5 атыс қаруы тәркіленген.
«Осы мерзімде республикада 263 жол-көлік оқиғасы орын алып, оның салдарынан 53 адам мерт болды. Ал 367 адам түрлі дәрежедегі дене жарақаттарын алды», - дейді департамент бастығы. Оның айтуынша, тәртіп сақшылары сондай-ақ есірткіге байланысты 166 қылмысты анықтаса, оның 53 фактісі - есірткіні саудалау.