«Өткен аптада полиция қызметкерлері 100 есірткі қылмысын, оның ішінде есірткі сатудың 47 фактісін анықтады. Сонымен қатар 80 келі есірткі, оның ішінде 9 келі героин тәркіледі», - делінген ведомство ақпаратында.
Мәселен, Астанада полиция қызметкерлері жүргізген арнайы операция барысында 29 жастағы жергілікті тұрғын өз үйінде ұсталды. Оның үйін тінту кезінде 17,5 келіден астам марихуана тәркіленді. Одан әрі жүргізілген іс-шаралардың барысында аталған азаматтың автотұрағынан тағы да 42 келіге жуық марихуана табылды. Тәркіленген есірткінің жалпы салмағы 60 келіге жуықты құрады. Күдікті қамауға алынды. Сонымен қатар аса ірі мөлшерде есірткі сақтау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.