АСТАНА. Қазанның 15-і. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Өткен аптада прокурорлық ықпал ету шаралары аясында 3 мың жұмысшының 350 миллион теңге көлеміндегі жалақы бойынша қарыздары өтелді. Бұл туралы бүгін дәстүрлі апталық брифингте Бас прокуратураның ресми өкілі Нұрдәулет Сүйіндіков мәлім етті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Ресми өкілдің айтуынша, жалпы сомасы 140 миллион теңгеден асатын еңбекақыны төлеу туралы талап қойылған прокурорлық қадағалау актілері орындалу үстінде.
«Қызылорда қаласының прокуратурасы «САТ» ЖШС-ның 179 қызметкеріне 17,5 миллион теңге айлық жалақы бойынша қарыздарын қайтаруды қамтамасыз етті»,-деп тоқталды Н. Сүйіндіков.
Руслан Ғаббасов
Ақмола облысының Біржан сал ауданында дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. 2005 жылдан бері «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істеп келеді.