Өткен айда 21 техникалық байқау орталығы ашылды - Көлік және коммуникация министрлігі

None
АСТАНА. 4 сәуір. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылдың наурыз айында елімізде 21 техникалық байқау орталығы ашылды, деп хабарлады ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметінен.

Ведомствоның атап өтуінше, бүгінгі күні  Қазақстандағы техникалық байқау орталықтарының саны 116-ға жетті. Олар 116 стационарлық және 114 мобильді желілерден құралған. Көліктік бақылау комитетінің мәліметі бойынша 159 505 көлік құралы техникалық байқаудан өтті.

Жаңадан ашылған барлық орталықтар ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің ресми сайтында,  «Техникалық байқау орталықтарының тізімі» (http://3cm.kz/dbaad )  бөлімінде орналастырылған ТБО-ның қолданыстағы кестесіне енгізілген. Аталған сілтеме бойынша өңірлердегі әрбір орталықтардың жұмыс кестесі, мекенжайы туралы ақпарат алуға болады.