«Жұмыстан кеткен қызметкерлердiң арасында тұрақтамау себептері бойынша жұмыстан босатылғандар 81,0 пайызды, қызметкерлер санының қысқартылуына немесе кәсіпорынның таратылуына байланысты - 2,8 пайызды, сондай-ақ басқа себептер бойынша - 16,2 пайызды құрады», - делінген ҚР Статистика мәліметінде.
Ағымдағы жылғы ақпанда қабылдау бойынша айналым коэффициенті 2,1 пайызды, жұмыстан босату бойынша айналым - 2,0 пайызды, жұмыс күшінің тұрақсыздық коэффициенті - 1,6 пайызды қамтыды. Мұнымен қоса осы кезеңде жұмыс күшін ауыстыру коэффициенті 102,7 пайызды құрады.