Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Статистика агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Агенттіктің таратқан мәліметтеріне сүйенсек, 2009 жылғы қазанда 2008 жылғы тиісті айымен салыстырғанда республика бойынша баға макарон өнімдеріне - 2,7 пайыз, сүт өнімдеріне - 3,9 пайыз, кондитерлік өнімдерге - 7,5 пайыз, тоқаш пен ұн өнімдеріне - 9,5 пайыз, алкогольді ішімдіктерге - 13 пайыз, кофе, шай және какаоға 23 пайызға өскен. Сонымен бірге, бағаның жармаға және нанға - 2,7 пайызға, жемістер мен көкөністерге -3,4 пайыз, ұнға - 12,1 пайыз, май және тоң майына 17,7 пайызға төмендеуі байқалды.
Сондай-ақ аталған кезеңдерде ет және ет өнімдері бағасының өсімі 5,6 пайызды құраған. Атап айтқанда, шошқа етіне баға деңгейі 12,7 пайызға, шұжық өнімдеріне - 8,1 пайызға, жылқы етіне - 4 пайызға, қой етіне 0,5 пайызға жоғарыласа, құс етінің бағасы 2,1 пайызға төмендеген.