деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Статистика агенттігінің мәліметтеріне қарағанда, өткен айда баға азық-түлік тауарларына 1 пайыз, азық-түлік емес тауарларға және ақылы қызмет көрсетулерге 0,4 пайызға дейін өскен. Сонымен қатар, сәуір айында бағаның өсуі жеміс-көкөніске - 3,5 пайыз, жұмыртқаға - 2,7 пайыз, шайға - 2,2 пайыз, кондитерлік өнімдерге - 1,6 пайыз, ет өнімдеріне - 1,4 пайыз, қантқа 1,1 пайыз деңгейінде белгіленді. Сол секілді есепті кезеңде бағаның төмендеуі ұнға - 1,7 пайызды, жаңа сауылған сүтке - 1,3 пайызды, макарон өнімдеріне - 0,9 пайызды, күрішке - 0,8 пайызды, жармаға 0,4 пайызды құраған.
Сондай‑ақ, баға цементке - 1,7, темекі өнімдеріне - 1,2, фармацевтикалық дәрі-дәрмектерге - 0,8, жуу және тазалау құралдарына, кітап және газеттерге - 0,7, жеке гигиена тауарларына - 0,6, үй тұрмысына қажетті заттарға, киім мен аяқ киімге 0,5 пайызға дейін артқан.
Бұдан бөлек бағаның өсімі денсаулық сақтау қызметтерінде 1,5 - пайызды, мейрамханалар мен қонақүйлерде - 1 пайыз, шаштараздар мен жеке қызмет көрсету орындарында 0,8 пайызды құрады.
Тұрғын үй коммуналдық қызмет көрсетулер саласындағы төлемдер қоқыс шығару, тұрғын үй-жайларды күтіп ұстауға - 1,3 пайыз, электр энергиясы мен ыстық суға 0,2 пайызға артқан.