Өткен айда еліміздегі күнкөріс деңгейі 19 мың 51 теңгені құрады

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2015 жылғы ақпанда күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы 19 051 теңгені құрады. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің баспасөз қызметінен хабарланды.

Статистика комитетінің мәліметіне қарағанда, 2015 жылғы ақпанда өткен аймен салыстырғанда негізгі тамақ өнімдерін тұтынудың ең төменгі нормаларынан есептелген орта есеппен халықтың жан басына шаққандағы күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы өзгерген жоқ. Дегенмен, бұл көрсеткіш 2014 жылғы ақпанмен салыстырғанда 7,8 пайызға жоғары.

«Оның құрылымында ет пен балықты сатып алуға жұмсалған шығыстардың үлесі 22,1 пайызды, сүт, май және тоң май өнімдері мен жұмыртқа - 17 пайызды, жемістер мен көкөністер - 10,8 пайыз, нан және жарма өнімдері - 8 пайыз, қант, шай және дәмдеуіштері 2,1 пайызды құрады», - делінген баспасөз баянында.