«Негізгі тамақ өнімдерін тұтынудың ең төменгі нормалары бойынша есептелген орта есеппен халықтың жан басына шаққандағы күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы 2014 жылғы қарашада өткен аймен салыстырғанда 9,1 пайызға төмендеді. Бұл көрсеткіш 2013 жылғы қарашамен салыстырғанда 8,9 пайызға жоғары», - делінген баспасөз баянында.
Күнкөріс деңгейінің құрылымында ет пен балықты сатып алуға жұмсалған шығыстардың үлесі 22,8 пайызды, сүт, май және тоң май өнімдері мен жұмыртқа 16,8 пайызды, жемістер мен көкөністер 10,2 пайызды, нан және жарма өнімдері 8 пайызды, қант, шай және дәмдеуіштерді - 2,2 пайызды құраған.
Ал жіктеуге келсек, күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы 13 жастағы балалар үшін 14 мың 774 теңгені, 18 жастан асқан еңбекке қабілетті ерлер үшін - 22 076, әйелдер үшін - 17 531 теңгені, ал зейнеткер қарттар үшін 17 мың 397 теңгені құрап отыр.