Атап айтқанда, жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелгендер саны 2016 жылғы наурыздың соңына 69 мың адамды құрады немесе бұл экономикалық белсенді халық санына 0,8 пайызға тең.
Бұдан бөлек, 2016 жылғы ақпанда халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары бағалау бойынша 70136 теңгені құраған. Бұл көрсеткіш 2015 жылғы ақпанға қарағанда 13,8пайыз жоғары, ал нақты ақшалай табыс көрсетілген кезеңде 1,2 пайызға төмендеген. Сонымен қатар, 2016 жылғы наурызда бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы бағалау бойынша 133 922 теңгені құрады.
«2016 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша елімізде тіркелген заңды тұлғалардың саны 366169 бірлікті құрады. Бұл өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 2,5 пайыз артық. Оның ішінде 100 адамға дейінгі қызметкерлері бар заңды тұлғалар 357051 бірлік. Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалардың саны 227 862 құрады, оның ішінде 219083 бірлік шағын кәсіпорындар» делінген баспасөз баянында.