Еліміздің Статистика агенттігінің мәліметтерінше, аталмыш көрсеткіштің құрылымында ет пен балықты сатып алуға жұмсалған шығын 20,5 пайызды, сүт пен май өнімдері мен жұмыртқанікі - 16,5 пайызды, жеміс-жидектер мен көкөністердікі - 11,2 пайызды, нан өнімдері мен жарма өнімдері - 8,9 пайызды, қант, шай мен түрлі қоспалар құны - 2,9 пайыз болды.
16:03, 03 Желтоқсан 2010
Өткен айда ең төменгі өмір сүру көрсеткішінің деңгейі өткен жылдың қараша айымен салыстырғанда 12,9 пайызға көп болды
АСТАНА. Желтоқсанның 3-і. ҚазАқпарат - 2010 жылдың қараша айында негізгі азық-түлік тауарларын тұтынудың ең төменгі нормаларына негізделген жан басына шаққандағы ең төменгі өмір сүру көрсеткіші өткен аймен салыстырғанда 7,8 пайызға кем болса, өткен жылдың қараша айындағы көрсеткіштен 12,9 пайызға көп болып отыр.