Аталған рейтингте орта буын басшылығының орны көш бастап келеді. Екінші орында сұранысқа ие қызметтердің ішінде штаттық бухгалтерлер тұр. Осы мамандардың жалақысы сағатына 210-1328 теңгені құрайды екен. Үшінші орынға сұлулық салондарының әкімшілері табан тіреп отыр. Қызмет көрсету саласындағы қазақстандық компаниялар қызметкерлерінің айлығы сағатына 116-1147 теңге аралығында ауытқып тұр.
Сонымен қатар, рейтингте бас аспазшының көмекшісі, жеңіл автокөліктің жүргізушісі, терапевт-дәрігер, сату бойынша менеджерлер, веб-дизайнерлер, сауда кеңесшілер, қазақ тілінен аудармашылар, сондай-ақ биотехнологтар кездеседі.