Жұмыстан кеткен қызметкерлердiң арасында тұрақтамау себептері бойынша жұмыстан босатылғандар - 82,9 пайызды, қызметкерлер санының қысқартылуына немесе кәсіпорынның таратылуына байланысты - 1,5 пайызды, басқа себептер бойынша - 15,2 пайызды қамтыды. Ағымдағы жылғы тамызда жұмысқа қабылдау бойынша айналым коэффициенті - 2,4 пайызды, жұмыстан босату бойынша айналым - 2,6 пайызды, жұмыс күшінің тұрақсыздық коэффициенті - 2,2 пайызды құрады. Осы кезеңде жұмыс күшін ауыстыру коэффициенті 89,8 пайыз болды.
19:18, 26 Қыркүйек 2014
Өткен айда Қазақстанда жұмысқа 80 мыңға жуық адам қабылданды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылғы тамызда деректерге сәйкес ірi және орта кәсiпорындарға (ұйымдарға) 78,4 мың адам қабылданды, түрлі себептермен 87,3 мың адам жұмыстан шықан. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің баспасөз қызметінен хабарланды.