Агенттік мәліметіне қарағанда, негізгі тамақ өнімдерін тұтынудың ең төменгі нормаларынан есептелген орта есеппен халықтың жан басына шаққандағы күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы 2012 жылғы маусымда өткен аймен салыстырғанда 6,6 пайызға өсті. Ал осы көрсеткіш 2011 жылғы маусыммен салыстырғанда 2 пайызға артық. «Оның құрылымында ет пен балықты сатып алуға жұмсалған шығыстардың үлесі 22,7 пайыз, сүт, май және тоң май өнімдері мен жұмыртқа - 15,2 пайыз, жемістер мен көкөністер - 12,6 пайыз, нан және жарма өнімдері - 7,3 пайыз, қант, шай және дәмдеуіштер - 2,2 пайызды құрады», - делінген баспасөз баянында.
13:55, 02 Шілде 2012
Өткен айда күнкөрістің ең төменгі деңгейі 17 мың 188 теңгені құрады
АСТАНА. 2 шілде. ҚазАқпарат - 2012 жылғы маусым айында еліміздегі күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы17 мың 188 теңгені құрады. Бұл туралы Статистика агенттігінен хабарланды.