Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Статистика агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Статистика агенттігінің мәліметтеріне қарағанда, ағымдағы жылдың ақпанында қаңтар айымен салыстырғанда баға кен өндіру өнеркәсібінде 1,3 пайызға, өңдеу өнеркәсібінде - 1 пайызға, электр энергиясын, газ бен су өндіру және бөлуде - 3,5 пайызға жоғарылаған.
Бұнымен қоса, өткен айда бағаның табиғи газға 7 пайыз, электр энергиясына - 5,1 пайыз, металл кендеріне - 4,8 пайыз, газ конденсатына - 3 пайыз, дизель отынына - 2,9 пайыз, жылу энергиясына - 0,7 пайызға артқаны тіркелген. Сонымен бір мезгілде, бағаның бензинге - 1,7 пайызға, көмірге - 0,1 пайызға төмендеуі байқалған.
Бұдан бөлек ай ішінде мыстың бағасы - 5,1 пайызға, өңделмеген алюминий 4,3 пайызға, мырыш 3,5 пайызға, қорғасын 3,3 пайызға, ферроқорытпалар 1,5 пайызға, қара металдар илегі 0,4 пайызға жоғарылаған.
Сондай-ақ, шай - 1,3 пайыз, өсімдік майы - 0,9 пайыз, сүт өнімдері - 0,6 пайызға қымбаттаса, құс еті - 2,8 пайызға, бидай ұны - 2,3 пайызға, балық - 2,1 пайызға, жармалар - 0,5 пайызға арзандаған.