Өткен айда өнеркәсіп және сауда кәсіпорындарының іскерлік белсенділігі біршама жоғарылады

None
АСТАНА. Мамырдың 12-сі. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Ағымдағы жылдың сәуір айында еліміздегі өнеркәсіп және сауда кәсіпорындарының іскерлік белсенділігі біршама жоғарылады,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Статистика агенттігінің мәліметтеріне қарағанда, еліміздегі өнеркәсіп кәсіпорындарының басшылары 2010 жылғы сәуірде өткен аймен салыстырғанда дайын өнiмге сұраныстың және өндіріс көлемінің өсуін атап өткен. Бұл олардың іскерлік белсенділігінің жоғарылауына себепші болып отыр. Сонымен берге, 2010 жылғы сәуірде өнеркәсіп кәсіпорындарының іскерлік белсенділігін сипаттайтын кәсіпкерліктің сенімділік индексі өткен аймен салыстырғанда 4 пайыздық тармаққа өсіп, (+8) пайызды құраған (маусымдық фактор есебімен).

Сондай-ақ сауалнамаға қатысқан кәсіпорындар басшылары 2010 жылдың шілдесіне дейiн iскерлiк белсендiлiктiң өсуі күтіледі деп көрсеткен. Бұдан бөлек, 2010 жылғы сәуірде өткен аймен салыстырғанда сауда кәсіпорындарының іскерлік белсенділігі айтарлықтай өзгермеген.