Статистика агенттігінің мәліметтеріне қарағанда, есепті кезеңде «Экономикалық ахуал индексі» 3 пайыздық тармаққа өсіп, 18 пайызды құрады. Респонденттердің 30 пайызы алдағы 12 айда елдегі жалпы экономикалық жағдайдың одан әрі жақсаратынын күтеді, ал 12 пайызы жағдайдың нашарлауы мүмкін деп есептейді.
«Сатып алу тілегінің индексі» өткен аймен салыстырғанда 2 пайыздық тармаққа өсті ( 12 пайыз). Сонымен бірге, сауалнамаға қатысқандардың 30 пайызы 2010 жылғы мамырда жеке үй шаруашылығындағы қаржы жағдайының жақсарғанын және тиісінше, өткен аймен салыстырғанда ұзақ пайдаланатын тауарларға сұраныстың өскені туралы хабарлады. Сонымен бірге, респонденттердің 17 пайызы өз үй шаруашылығындағы қаржы-экономикалық жағдайдың нашарлағанын атап өтті.
Бұдан бөлек, сауалнамаға қатысушылардың 6 пайызының пікірі бойынша еліміздегі жұмыссыздық деңгейіне қатысты ахуал алдымыздағы 12 айдың ішінде жақсарады делінсе, сұралғандардың 3 пайызы оған қарама-қарсы пікірді ұстанады. Алдымыздағы 12 айдың ішінде үй шаруашылығындағы ақшалай қорланым сомасының өсу мүмкіндігін сұралған тұтынушылардың 15 пайызы атап өтсе, ал 17 пайызы оның кемитінін айтқан.