АСТАНА. 12 мамыр. ҚазАқпарат - Қазақстанда ағымдағы жылдың қаңтар-сәуірінде бензин бағасы орташа алғанда 3 пайызға қымбаттады. Бұл туралы бүгін елордада өткен брифингте ҚР Статистика агенттігінің төрағасы Әлихан Смайылов айтты.
«Сәуірде өткен жылдың желтоқсанымен салыстырғанда бензин бағасы 3 пайызға қымбаттады», - деді ол.
Оның атап өтуінше, егерде өткен жылдың сәуірінен ағымдағы жылдың сәуіріне дейінгі бір жылды алып қарайтын болсақ, онда бензин бағасының өсімі 12 пайызды құрап отыр.
Марлан Жиембай
Абай облысының Аягөз ауданында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін бітірген. 2005 жылдан бері "ҚазАқпарат" халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істейді.