АСТАНА. 19 наурыз. ҚазАқпарат - Елордада демалыс күндері жол қозғалысы тәртібін бақылау кезінде жол полициясы қызметкерлері ережені бұзу бойынша 1038 түрлі фактілерді анықтады.
Бұл жайында Астананың ІІД Жол полициясы басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.
Атап айтқанда, 40 жүргізуші көлікті мас күйінде басқарғаны үшін, ал 16 жүргізуші жолдың қарсы жолағына шығып, жол жүру ережесін бұзғаны үшін ұсталды. 41 автокөлік айыппұл тұрағына жеткізілді.
Руслан Ғаббасов
Ақмола облысының Біржан сал ауданында дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. 2005 жылдан бері «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істеп келеді.