Өткен демалыс күндері елордада мас күйінде көлік жүргізген 27 жүргізуші ұсталды

АСТАНА. 30 қаңтар. ҚазАқпарат - Өткен демалыс күндері жол полициясының қызметкерлері елордада 1 мың 353 әртүрлі жол ережесін бұзу әрекеттерін анықтады.

 Бұл туралы Астана қалалық Ішкі істер департаментінің Жол полициясы қызметі хабарлайды.

 «27 жүргізуші мас күйінде көлік жүргізгендері үшін ұсталды. Ал жылдамдықты белгіленген шектен асырып жіберген 162 жүргізушіге қатысты әкімшілік хаттама толтырылды. 29 жүргізуші қарсы бағыттағы  жолға шығып кетіп, 25 адам көлікті ешқандай құжаттарсыз жүргізгені үшін тоқтатылды. Сондай-ақ 73 адам рөлде келе жатып ұялы телефонмен сөйлескені үшін ұсталып, 30 көлік айыпты жүргізушілер көлігіне арналған тұраққа қойылды»,-делінген баспасөз