Өткен қаңтар айында сыртқы сауда айналымы 10934,0 млн. АҚШ долларына жетті

АСТАНА. 14 наурыз. ҚазАқпарат -2012 жылғы қаңтар-ақпанда бөлшек сауда көлемі (қоғамдық тамақтандыру айналымынсыз) 602,3 млрд. теңгені құрап, 2011 жылғы қаңтар-ақпанмен салыстырғанда 11,5 пайызға өсті.

ҚР Статистика агенттігінің мәліметінше, есепті кезеңде көтерме сауда көлемі 1310,8 млрд. теңгені құрап, 2011 жылғы қаңтар-ақпанмен салыстырғанда 15,5 пайызға артты.

Сонымен қатар аталған мерзімде тамақ өнімдері мен сусындарды ұсыну бойынша қызметтер көлемі 27,2 млрд. теңгені құрады және 2011 жылғы қаңтар-ақпанмен салыстырғанда 11,5 пайызға өсті.

2012 жылғы қаңтарда сыртқы сауда айналымы 10934,0 млн. АҚШ долларын құрап, 2011 жылғы қаңтарға қарағанда 97,8 пайызға жоғарылады, оның ішінде экспорт - 8263,9 млн. АҚШ долларын (2,1 есе өсті), импорт - 2670,1 млн. АҚШ долларын құрады (53,4 пайызға өсті).