деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Статистика агенттігіне сілтеме жасап.
2009 жылдың шілдесінде жан басына шаққандағы қаржылық табыстың көлемі бойынша алдыңғы орында бұрынғыша, Атырау облысы, Алматы және Астана қалалары болды. Бұл жерлердегі көрсеткіш орташа республикалық деңгейден 1,8-2,0 есеге жоғары болды.
Аталмыш уақыт аралығында жан басына шаққандағы ең төменгі табыс көлемі Оңтүстік Қазақстан мен Алматы облыстарында тіркелді. Бұл аймақтарда халықтың табысы республикалық деңгейдің 73,0 және 77,0 пайыздарын құрады. Сонымен бірге, халық табысының қарқынды өсуі Қызылорда мен Жамбыл облыстарында байқалып отыр.