Өткен наурыз айында республикада жұмыссыздар саны 582,8 мың адамды құрады ? Статистика агенттігі

АСТАНА. Сәуірдің 14-і. ҚазАқпарат - 2009 жылдың бірінші тоқсанында республикада жұмыссыздар саны 582,8 мың адамды құрады. Көрсеткіш оның алдындағы тоқсанмен салыстырғанда 23,6 мың адамға көп,

деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Статистика агенттігіне сілтеме жасап. Үстіміздегі жылғы наурыз айының соңында еңбекпен қамту орталықтарына ресми тіркелгендердің саны ? 71,2 мың адам. Бұл экономикалық белсенді халықтың 0,8 пайызын құрайды. Бағалау бойынша наурыз айында жұмыссыздар саны 589,6 мыңға жетті, жұмыссыздық деңгейі ? 7,0 пайыз. Сонымен қатар, өндірістің қысқаруына байланысты жұмыс нарығында азаматтардың жұмыспен толық қамтамасыз етілмеу үрдісі де тіркеліп отыр. Жасырын жұмыссыздық ? жұмыс күні немесе жұмыс аптасының толық емес күн тәртібіне ауыстырылуы, сондай-ақ қызметкерлердің еңбекақысы сақталмай, не болмаса жартылай төленіп әкімшілік демалыстарға жіберілуі. Жасырын жұмыссыздық деңгейі өткен наурыз айында экономикалық белсенді халықтың 1,7 пайызын (сәуір айында 1,9) құрады.