Бұл мәлімет Мәжілісте өткен өрт қауіпсіздігіне қатысты заң жобасының таныстырылымында жария етілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
ҚР Төтенше жағдайлар министрінің орынбасары Валерий Петровтың айтуынша, Қазақстан Республикасында 2009 жылдың 10 айы ішінде 13 мың 264 өрт болып, одан елімізге 4 млрд. теңгеден астам шығын келген. Өрттің қауіпті факторларынан 364 адам қаза тауып, 461 адам жарақат пен әр түрлі дәрежедегі күйік алған.