Өткен сайлау қазақстандықтардың ерік-жігерін толық көрсетіп, Қазақстан халқының бірлігін нығайта түсті - Қ. Саудабаев

None
АСТАНА. 18 сәуір. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Өткен сайлау қазақстандықтардың ерік-жігерін толық көрсетіп, Қазақстан халқының бірлігін нығайта түсті.

Бүгін елордадағы Бейбітшілік пен келісім сарайында өтіп жатқан Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің отырысында сөз сөйлеген ҚР Мемлекеттік хатшысы Қанат Саудабаев осылай мәлім етті.

«Әлемнің бірқатар елдерінде саяси дағдарыстар орын алып отырған кезеңде Қазақстан халқы жақында өткен кезектен тыс президенттік сайлауда бірлік пен ынтымақ танытуы еркше қымбат болып табылады. Қазақстан халқының бағына орай, біздің көшбасшы Елбасы Н. Назарбаев әрқашан халықпен бірге болып, қалың бұқара үшін қолынан келетіннің бәрін істеді, қазақстандықтардың әл-ауқатын көтере отырып, елдегі бейбітшілік пен келісімді одан сайын нығайта түсті. Қазақстанда жыл өткен сайын жалақы көлемі артып, зейнетақылық, жәрдемақылық төлемдердің барлық түрлері өсуде, жаңа жұмыс орындары құрылып жатыр. Бұл мемлекеттің қуатын, оның көшбасшысының ел алдындағы жауапкершілігінің нәтижесі», - деді Қ. Саудабаев.