Өткен сенбі және жексенбі күндері Қазақстанның автожолдарында 13 адам қаза тапты - ТЖМ
деп хабарлайды ҚазАқпарат ТЖМ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ірі жол-көлік оқиғасы сенбі, желтоқсанның 26-сы күні Батыс Қазақстан облысы Самара-Шымкент автожолының 390-шы шақырымында «Фольксваген» және «Вольво» көліктерінің қатысуымен болды. Апат салдарынан бірінші автокөліктің жүргізушісі мен оның 4 жолаушысы оқиға орнында көз жұмды.
Сондай-ақ осы күні, Астана қаласында әуежайға алып барар автожолда «Лексус» және «Мерседес» көліктерінің соқтығысуынан, «Мерседестің» 23 жасар жүргізушісі мен оның 50 және 51 жастағы жолаушылары оқиға орында жан тәсілім етті.
Жамбыл облысы Мойынқұм ауылында екі «Ауди» машинаның соқтығысуынан көліктердің бірінің жүргізушісі ауруханаға жеткізілсе, 3 жастағы нәресте сол орында қайтыс болды.
Жексенбі, желтоқсанның 27-сі күні Алматы облысы «Алматы-Көкпекті-Көктал» автожолының 29-шы шақырымында «Мазда» және «ГАЗ» көліктері соқтығысып қалды. Жол-көлік оқиғасында екі адам мерт болды.