Спикердің сөзіне қарағанда, үшінші сессияның барысында 199 заң жобасы қаралды. Олардың 51-і өткен сессиядан қалған құжаттар. Ал 148 құжат осы сессия барысында келіп түскен. Сондай-ақ осы сессия барысында еліміздің заңнамалық базасы тағы 103 заңнамалық актімен толықты. «Өткен сессия барысында депутаттар азаматтардың құқықтары мен азаматтық қоғам қалыптастыру мәселесіне баса назар аударды. Нақтырақ айтқанда, азаматтардың жеке өмірлеріне араласпауды қамтамасыз ету мәселесіне қатысты түзетулерді қабылдады. Сондай-ақ Қылмыстық-процессуалдық кодекске сотқа дейінгі процедураларды жеңілдету мәселелері бойынша түзетулер енгізу мен «Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес» заңдары қабылданды. Депутаттар тең құқықтар мен баршаға бірдей мүмкіндіктерге мемлекеттік кепілдік беру мәселесіне байланысты қатысты заңға бастамашы болды», деді О.Мұхамеджанов.
15:14, 30 Маусым 2010
Өткен сессияда азаматтардың құқықтарын қорғау мәселесі басты назарда болды - Парламент палаталарының бірлескен отырысы
АСТАНА. Маусымның 30-ы. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Қазақстан Парламентінің өткен сессиясында азаматтардың құқықтарын қорғау мәселесіне баса назар аударылды. Бұл туралы бүгін Парламент палаталарының бірлескен отырысында Орал Мұхамеджанов мәлім етті.