деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Статистика агенттігіне сілтеме жасап.
Үстіміздегі жылғы шілде айында жаңадан бой көтерген үйлердің бағасы оның алдындағы аймен салыстырғанда 2,4 пайызға, қайта сатылымға түскен жайластырылған үйлердің бағасы - 1,6 пайызға және жайластырылмаған баспаналар - 1,5 пайызға арзандады.
Мәселен, жаңа тұрғызылған үйлердің 1 шаршы метрі 138 мың 99 теңге (өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 9,3 пайызға арзандады), қайта сатылымға түскен жайластырылған үйлердің бағасы 102 мың 789 теңге (11,3 пайыз) және жайластырылмаған үйлердің бір шаршы метрі 59 мың 947 теңге (9,3 пайыз) сомасында болды. Сондай-ақ тұрмысқа жайлы пәтерлерді жалға беру құны үстіміздегі жылдың маусым айымен салыстырғанда 0,2 пайызға арзандап, бір шаршы метрі үшін 811 теңгені құрады.