деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Статистика агенттігіне сілтеме жасап.
Агенттіктің хабарлауынша, 2009 жылғы тамыз айында ел экономикасында 8,1 миллион адам жұмыс істеді. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда олардың саны 186,7 мың адамға немесе 27 пайызға артты. Аталған уақытта жалдамалы жұмыскерлердің саны 5,3 миллион адамды құрады (жалпы жұмыспен қамтылғандардың 66,0 пайызы).
Ал түрлі себептермен жұмыссыз жүргендердің саны тамыз айында 558,7 мың адамды құрап, жұмыссыздық - 6,4 пайыз болды. Олардың ішінде ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің еңбекпен қамту органдарында ресми тіркелгендер - 92,3 мың адам. Тіркелгендердің үлесі экономикалық белсенді халықтың 1,1 пайызын құрады.
Бағалау бойынша жасырын жұмыссыздық деңгейі экономикалық белсенді халықтың 0,7 пайызын құрап отыр.