Өткен тәулік ішінде КІІД қызмет көрсету аумағында 10 қылмыс тіркелді

АСТАНА. 14 желтоқсан. ҚазАқпарат - Өткен тәулік ішінде КІІД қызмет көрсету аумағында 10 қылмыс тіркелді, оның ішінде криминалдық полиция желісі бойынша - 7 қылмыс, ашылғаны -6.

Адам зорлау 1 (1), ұрлық - 3 (2), тонау - 1 (1), 2 есірткі қылмысы, оның ішінде есірткі сатудың бір фактісі тіркелді.

2011 жылдың 13 желтоқсанында «Арна-2011» жедел алдын алу шарасы аясында арнайы операция жүргізу барысында Қандыағаш қаласында Есірткі бизнесіне қарсы күрес тобының қызметкерлері К. есімді азаматқа «кептірілген марихуана» есірткі затының 5,04 грамын өткізген Ақтөбе қаласының 1979 жылғы азаматын құрықтады. Жеке тінту кезінде одан «Сату» деген жазуы бар 3000 теңге ақша табылды.