Өткен тәулікте 10 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда өткен тәулікте 10 адамнан коронавирус инфекциясы ПТР арқылы анықталды, деп хабарлайды coronavirus2020.kz сайты.

Нұр-Сұлтан қаласында - 4, Алматы қаласында - 5, Алматы облысында - 1 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды.

Жалпы ел бойынша ауырғандар саны осымен 1305543 адам болды.

Сондай-ақ, Қазақстанда өткен тәулікте 12 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты: Нұр-Сұлтан қаласында - 4, Алматы қаласында - 4, Алматы облысында - 3, Шығыс Қазақстан облысында - 1 адам сырқатынан сауыққан.

Қазақстан бойынша жазылғандар саны осымен 1291078 адам болды.

1 мамырдағы мәлімет бойынша, 1 663 адам коронавирус инфекциясынан (–805 және 858 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 85 пациент стационарда, 1 578 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ , КВИ- шалдыққандардың арасында:

13 адамның жағдайы ауыр,

1 пациенттің жағдайы өте ауыр,

2 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.